Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша деректі фильмдерді көру

«Адал азамат» бағдарламасын және «Заң және тәртіп»  айлығын іске асыру аясында 12-13 қаңтарда 9-11 сынып оқушылары үшін жастар арасында кең таралған әлеуметтік проблемалардың алдын алуға бағытталған бейнематериалдарды қарау ұйымдастырылды.

 Материалдардың тақырыбы: нашақорлыққа қарсы іс-қимыл, алкогольдік ішімдіктерді тұтынудың зиянды салдарын түсіндіру, құмар ойындарға (лудоманияға) тәуелділіктің алдын алу, заңсыз қаржылық қызметпен, оның ішінде «дроппинг», буллинг пен  кибербуллингтің алдын алу, сондай-ақ жалпы құқықтық мәдениетті арттыру және жауапты мінез-құлықты қалыптастыру.

Оқушылар деректі фильмдерді тамашалады:

 «Курьер-қауіпті жолды таңдағандар туралы деректі фильм»,

«Наркотест»,

«Дұрыс жолды таңда»,

"Наркотикам-НЕТ!».

 

Әлеуметтік роликтер де көрсетілді:

 «Не становись дропом»,
«НЕТ кибербуллингу»,
«Жақсы өмірді қазірден баста».

Өткізілген іс-шара оқушылардың заңға бағынатын мінез-құлық, жеке қауіпсіздік және салауатты өмір салты мәселелеріне саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.