Профилактикалық түңгі рейд

     Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс болу фактілерін анықтау шеңберінде, сондай-ақ жедел-профилактикалық іс-шара барысында 2026 жылғы 16 мамырда түнгі профилактикалық рейд өткізілді.

  Рейдтің мақсаты-кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз сағат 22:00-ден кейін тұрғын үйден тыс жерде болуына жол бермеу.

   Рейдті мектеп педагогтары -  Есмұхамбетова А.Б., Афанасьева Н. В., Кашкина Д. В.  өткізді.

Рейд барысында мектеп пен қала аумағына іргелес шағын ауданның көшелері, сондай-ақ «KINZA» мейманханасы , «Ақжелкен» СҮ, «ZEUS»,GAME CLUB, «Yobidoybi», «LAGMAN CENTER» орталық көшелері   зерттелді.

 Рейд нәтижелері бойынша мектептің кәмелетке толмаған білім алушыларының заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22:00-ден кейін тұрғын үйден тыс болу фактілері анықталған жоқ.

 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс жалғастырылатын болады.

Мектеп директорының ТЖ

жөніндегі орынбасары

Г.А.Тупенова