Ұйымдар тізімі
Түнгі профилактикалық рейд
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды алдын алу, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз тұрғын үйден тыс жерде болу фактілерін анықтау мақсатында, сондай-ақ «Каникулдар» / «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 2026 жылғы 28 наурыз күні түнгі профилактикалық рейд өткізілді.
Рейдтің мақсаты — кәмелетке толмағандардың сағат 22:00-ден кейін тұрғын үйден тыс жерде болуына жол бермеу.
Рейд мектеп педагогтері - Болатжан И.Б., Касымова Г.Д., Якимова Н.Н. тарапынан жүргізілді.
Рейд барысында мектеп пен қала аумағына іргелес орналасқан шағын аудан көшелері, сондай-ақ жасөспірімдер жиналуы мүмкін орындар: дәмханалар, қалалық саябақ, дүкендер, орталық көшелер мен аулалар тексерілді.
Рейд қорытындысы бойынша мектептің кәмелетке толмаған оқушыларының сағат 22:00-ден кейін заңды өкілдерінсіз тұрғын үйден тыс жерде болған фактілері анықталған жоқ.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жалғастырылады.
Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Г.А.Тупенова

