Профилактикалық түнгі рейд

Профилактикалық түнгі рейд

Құқық бұзушылықтардың алдын алу, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз тұрғын үйден тыс жерде болу фактілерін анықтау мақсатында, сондай-ақ жедел-профилактикалық іс-шара аясында 2026 жылғы 13 сәуірде түнгі профилактикалық рейд өткізілді.

Рейдтің мақсаты — кәмелетке толмағандардың сағат 22:00-ден кейін тұрғын үйден тыс жерде болуына жол бермеу.

Рейдке мектеп педагогтері - Тупенова Г.А., Середа О.М., Середа Р.В. қатысты.

Рейд барысында қала көшелері, сондай-ақ жасөспірімдер жиналуы мүмкін орындар:дәмханалар, қалалық саябақ, дүкендер, орталық көшелер мен аулалар тексерілді.

Рейд қорытындысы бойынша мектептің кәмелетке толмаған оқушыларының сағат 22:00-ден кейін заңды өкілдерінсіз тұрғын үйден тыс жерде болған фактілері анықталған жоқ.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс жалғасады.

Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Г.А.Тупенова