Ұйымдар тізімі
2026 жылғы 18 мамырдан 8 маусымға дейін Қазақстан Республикасының аумағында өтіп жатқан және балалардың құқықтарын қорғауға және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» республикалық акциясы аясында 15 мамырда 10 «Б» сыныбында «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Республикалық акцияның мақсаты-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және ескерту, балалар мен отбасының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қоғамда сыйластық, өзара түсіністік және зорлық-зомбылықсыз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды нығайту және өскелең ұрпақты тәрбиелеу үшін қауіпсіз орта құру.
Сынып сағаты барысында оқушылар отбасындағы достық қарым-қатынастың, бір-біріне құрметпен қараудың, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершіліктің және жанжалдарды бейбіт жолмен шешудің маңыздылығын талқылады. Балалар әңгімеге белсенді қатысып, өз пікірлерін білдіріп, отбасы махаббат, қолдау және қауіпсіздік орны болуы керек деген қорытындыға келді.


10 «Б» сыныбының сынып жетекшісі— А.Е. Тулгабекова