22.04.25 күні терроризм мен экстремизмнің алдын алу бойынша 9 «Б»,
9 «В», 9 «Г» сынып оқушылары «Сириялық ТОЗАҚтан ұзақ оралу» тақырыбында бейнеролик тамашалады.
Бейнероликтің мақсаты – ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі дамыту және нығайту мәселесінде Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі қағидаттарын көрсету, діни ілім қаупін саяси мақсатта пайдаланатын экстремистердің заңсыз әрекеттерінің қоғамға төніп тұрған қауіп-қатерді көрсету; шығармашылық іс-әрекеттің табысты болуын қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеттерді тәрбиелеу (белсенділік, құштарлық, табандылық, ізденімпаздық), басқа адамдарға қатысты толеранттылық пен ашықтықты дамытуға ықпал ету.
Мектеп жоспарына сәйкес кәмелетке толмағандар арасындағы экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша жол картасының 4 тармағын орындау мақсатында «Интернеттегі деструктивті ағымдар және олардан қорғау» тақырыбында пікірталас өткізілді.
Сұхбатты мектеп директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
Түпенова Гүлнәр Асқарбекқызы жүргізді.