2022 жылдың 21 желтоқсанында «Щучинск қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ жанындағы «Айгөлек» шағынорталығында «Меніңелім – Қазақстаным» тақырыбында семинар-практикум өтті, оғанБурабайауданыныңмектепкедейінгібілім беру ұйымдарыныңпедагогтарықатысты.Бұл іс-шараның мақсаты мектеп жасына дейінгі балалардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру бойынша педагогтардың білімдерін жаңарту, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларды қалыптастыру бағытында жұмысты ұйымдастыруда педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру; мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтік-мәдени нормалармен таныстыру бойынша мұғалімдердің теориялық және әдістемелік білімдерін тереңдету; рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың кезеңдері, заманауи формалары, әдістері мен құралдары туралы мұғалімдердің білімдерін жалпылау және мұғалімдердің осы тақырыпқа қызығушылығын арттыру.