Қазақстандықтар бұрын алған колледж дипломдары мен мектеп аттестаттарын eGov.kz порталында цифрландыра алады

Қазақстандықтар бұрын алған колледж дипломдары мен мектеп аттестаттарын eGov.kz порталында цифрландыра алады

2025 жылғы 9 қаңтар

eGov.kz порталында білім туралы құжаттарды цифрландыруға арналған қызмет қолжетімді. Енді азаматтар тек қате деректерді түзетіп қана қоймай, құжаттың цифрлық нұсқасын жасауға өтініш бере алады. Қызмет тек бұрын алынған дипломның немесе аттестаттың сканерленген көшірмесі болған жағдайда ғана қолжетімді.