Мерекенің мақсаты балаларды «Наурыз» көктемгі мерекесімен таныстыру болды. Қазақ халқының салт-дәстүрлеріне қызығушылықты арттыру. Отанға деген сүйіспеншілікті, әртүрлі ұлт өкілдеріне деген құрметті тәрбиелеу.Наурыз мейрамы – Қазақстандағы көктемгі жаңару мерекесі. Шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз мейрамы көктемгі күн мен түннің теңелетін күнімен тұспа-тұс келетін жаңа жылдың басы. Қазақтар үшін бұл мереке көктемгі жаңарудың, махаббаттың, құнарлылық пен достықтың салтанат құруының символы болып табылады. Ертеде мейрам келер алдында үйлерін, шаруашылықтарын ретке келтіріп, мереке құрметіне ағаштар отырғызып, гүлдер отырғызатын.Наурыз мейрамы таза үйге жақсы иесіне кірсе, ауру-сырқау, сәтсіздік, қиыншылық оны айналып өтеді деп есептелген.Мерекенің келуімен қазақтар мерекелік киімдерін киіп, бір-біріне қонаққа барып, құттықтап, келер жылдың амандығын тілейді.Біздің Қазақстан жеріне Наурыз көктем мерекесі де келіп жетті.Ойын-сауықта музыка жетекшісі Е. А. Киселевичтің жетекшілігімен барлық топтардың тәрбиешілері балаларды«Қыз қуу», «Арқан тартысу», «Киіз үй», «Теңге жинау» ойындары, әндер мен өлеңдер арқылы қазақ мәдениетінің ұлттық дәмімен таныстырды.Мереке кезінде шағын орталықта мейірімділік, көңілділік пен шаттық атмосферасы орнады. Балалар қызығушылықпен қатысты, қазақтың жаңа салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен, ойындарымен танысты.
Шағын орталықтың әдіскері.