2 сезон. 3 день. "Әдепті бала -арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала" демекші, бүгінгі онлайн лагерьдің үшінші күні "Отбасылық әдептілік" тақырыбына арналмақ.Оқушылар ата- аналарымен "Әдептілік ар-ұят-Адамдық белгісі,Тұрпайы мінез ,тағы,жат-Надандықтың белгісі!"атты квест ойынға белсене қатысып видеоролик жасап, туысқандық атаулар, әдебиеттік танымдық жұмбақтар шешіп ат салысқандарын мәлімдейміз.
"Өнерлі өрге жүзер" атты шығармашылық жұмыста балалар демалыс кезінде алтын уақыттарын ұялы телефонға сарп етпей, ой-өрісін ептілік қасиеттерін арттыру мақсатында кеме жасауды ұйғардық.
Өскелеңұрпақты тәрбиелеуді отбасынан бастаған жөн.Қазіргі таңда отбасын тәрбиесі алаңдатарлық мәселе."Үлкенге инабатты ,кішіге қамқор бол"атты тимбилдингте балалар өз отбасындағы әдептілік, қоғамдағы өрескел қылықтарға қатысты суреттермен бөлісті.
Лагерь тәрбиешісі Баймендина А.Т.