«ДосболLIKE: біз бәріміз теңбіз» республикалық челленджі

   27.04-18.05.2026 жыл  аралығында білім алушыларда қудалауға нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастыру, сыйластық, достық және өзара көмек құндылықтарын нығайту, сондай-ақ буллингтің алдын алу және жанжалсыз коммуникацияны дамыту мақсатында мектеп ортасында «Досболлике: біз бәріміз теңбіз» республикалық челленджі өткізіледі.  

       Челлендж аясында Станислав  3 «А» сынып оқушыларының отбасылары   Рубас Василий Сергеевич, Анна Сергеевна және  ұлы Ярослав,    сондай-ақ Рудь Сергей Владимирович, Татьяна Александровна және ұлы «Игі істер марафоны» іс-шарасына қатысып, мұқтаж отбасына көмек көрсетті.

      Іс-шараның мақсаты-балалардың бойында қайырымдылыққа, басқаларға құрметпен қарауға тәрбиелеу, достық қарым-қатынас дағдыларын дамыту, сондай-ақ отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

    Мұндай іс-шаралар жылы және достық атмосфераны құруға, балалар мен ересектер арасындағы жағымды қарым-қатынасты қалыптастыруға ықпал етеді, барлық қатысушыларға жақсы көңіл-күй мен жағымды эмоциялар береді.

 

  3 «А» сыныбының сынып жетекшісі — Вайман Галина Николаевна

Қосымшалар: