«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №2 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Схема проезда

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсеңді іс-қимыл».

«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсеңді іс-қимыл».

25 қараша — БҰҰ құрған, әйелдерге қатысты зорлық – зомбылықты жоюдың халықаралық күрес күні. Осы күннен бастап, әлемнің әртүрлі елдерінде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесіне назар аударуға бағытталған 16 белсеңді күн басталады. Жыл сайын науқан 25 қарашадан 10 желтоқсанға дейін өтеді.

Оны өткізу кезінде келесі маңызды күндерге ерекше назар аударылады:

25 қараша – Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күрес күні. Дәл осы күні «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсеңді іс-қимыл» науқаны басталады. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күрес күні 1999 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясымен ресми түрде жарияланған.

1 желтоқсан – Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күні. Иммун тапшылық вирусы және жүре пайда болған иммундытапшылық синдромы бүкіл әлемге қауіп төндіреді. Ер адамдарға қарағанда әйелдер инфекцияға бейім және тез жұқтырады.

10 желтоқсан – Халықаралық адам құқығы күні. 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ мүше мемлекеттер үкіметі Адам Құқықтарының Жалпыға бірдей Декларациясына қол қою арқылы, «өміріне, бостандығына және барлығына арналған жеке өміріне қол сұқпау» адам құқығын мойындады. Бұл мерзім әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық пен адам құқығын бұзу арасындағы символикалық байланысты көрсетеді.

Барлық әлемде әрбір үшінші әйелдерді өмір бойы зорлап, ұрып, жыныстық қатынасқа мәжбүрлеп не болмаса басқа да зорлық-зомбылық көрсетеді. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық АИТВ/ЖИТС немесе безгек сияқты эпидемияға айналды. Алайда, жалпы қоғам бұл мәселенің мыңыздылығын білмейді. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың халықаралық күрес күні, адам құқықтарын бұзудың кең таралған түріне назар аударту үшін, әлемнің түкпір-түкпірінен жиналады.

Біздің әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату жалпы әйелдердің құқықтарын ілгірлету мақсаты жөніндегі жұмысымыздың саналы бөлігі болуы тиіс.  Біз зорлық-зомбылықпен күресу үшін жасап жатқан әрбір іс-әрекетіміз зорлық-зомбылықты қабылдайтындарға және оған кешірім көрсететіндерге қысым жасайтынына сенімдіміз. 

Бәріміз бірге біз мықтымыз!

 

Кітапхана қызметкері: Бекебаева Жадыра Ермекқызы

Қосымшалар:

Жаңартылған күні: 14.12.2020 11:40
Құрылған күні: 14.12.2020 11:48

Текст