Текст
Ұйымдар тізімі
12 маусым – Балалар еңбегіне қарсы күрестің дүниежүзілік күні болып атап өтіледі.
«Жұлдыз» мектеп жанындағы лагерінің оқушылары «Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн!» Ұлттық ақпараттық науқанына белсенді қатысты.
Іс-шара аясында балалар осы күннің тарихы мен маңызымен танысып, бала құқықтары туралы пікір алмасты, тақырыптық әңгіме өткізді. Сонымен қатар бақытты балалық шаққа, бейбіт өмірге, білім алуға және достыққа арналған суреттер салды.
Оқушылар өз жұмыстарынан көрме ұйымдастырып, бала құқықтарын қорғаудың маңыздылығын және балалар еңбегін қанауға жол беруге болмайтынын тағы бір мәрте еске салды.