Шеберлік сабақтар
Еліміз өркениетті елдер қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып
жатса – бұл ұстаздар еңбегі. «Мұғалім – мектептің жүрегі» демекші, оқушыға
білім нәрін себуші жүректің қызметі сапалы болса, жемісі де шырынды болмақ.
Ұстаздың жан-жақтылығы, үнемі ізденіс пен шығармашылық жолындағы талабының болуы шәкірт
жүрегіне бірден-бір жол салады. Ондай ұстаздан шығармашыл, құзіретті және жаңа
үлгідегі мұғалім күтіледі.Ал жаңаша мұғалім тәжірибенің өзгеруіне, яғни
білімнің өзгерісіне талпыныстағы ұстаз. Сол себепті 12 сәуір 2017 жылы №2 орта мектебімізде І,ІІ,
ІІІ деңгейлі сертификатталған мұғалімдер жұмыстары жайлы шеберлік сабақтар,
ашық сабақтар өткізілді. Бұл іс-шараға қазақ тілі мен әдебиет әдістеме
бірлестігінің де мұғалімдері ат салысты. Әр нәрсе сөз арқылы емес, көрсету
арқылы есте қалады. «Мұғалімнің кәсіби дамуы-білімді жаңарту негізі» тақырыбында
Оразалина Ш.Е. және Тастенбекова М.Ш. шеберлік сабақтарын жүргізді. Мұғалімдерге
Кембридждік оқыту мен оқудың мақсатымен тиімді тәсілдерін,жаңа тәсілдердің
тиімді жақтарын,біздің қолдануымызға әкелер жетістіктері мен мүмкіндіктерінің
мол екенін,өзіміздің оқу үдерісімізге қолданатын тиімді жақтарының бар екенін
түсіндірдік. Мұғалімдердің
бұл үдеріске деген қызығушылығы арта түсті . Оларға жеті модульді талдап, әр
модульді жеке қарастырып, жете түсіну үшін тапсырма беріп отырдық. Дегенмен, бірлескен топтық жұмыс жүйелі жүргізілді.
Үлгі ретінде тізбектелген жаңа топтық үлгідегі сабақтар жайлы айтылды .
«Диалогтік оқыту–оқытудағы жаңа тәсіл» . Диалог-оқушылардың
оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік.
«Маған айтсаң ұмытып қаламын, көрсетсең есімде қалар, ал өзім істесем үйреніп аламын» деген ұлы ойшыл
Конфуцийдің сөзімен ашып, тренинг жүргіздім. Әрбір үш топқа Мерсердің зерттеуіне
сәйкес әңгіменің үш түріне қарай тапсырмалар берілді. Не үйретті, қалай үйретті, неге
үйретті сызбасын топ мүшелері толтырып, кері байланыс жүргізілді. «Бәрі өз қолыңда» видео ролигімен
қорытындыланды.
Сол күні өз іс-тәжірибесімен Жармағанбетова Қ.С.-да бөлісті. 1А сыныбында «Сен не ішесің?» тақырыбында ашық сабақ жүргізді. Сабақ құрылымы өте тиімді құрылған. Оқушылар топ болып жұмыс атқарды. Слайд бойынша
көптеген жұмыстар жүрді. Қазақ тіліне тән дыбыстарға оқушылар мысалдар келтірді.
Коптеген сусындардың атауларымен таныс болды. Оқушылардың сабаққа деген
қызығушылықтары мол болды.
4 Б сыныбында «Наурыз мерекесі» тақырыбында өткізілген шеберлік сабағынан Есмухамбетова А.Б. үзінді
көрсетті. Бұл сабақтың мақсаты оқыту түрлерінің біртұтастығын
ұйымдастыруда негіз бола алатын үйлесімді оқытудың әдіс-тәсілдерін,
құрал-жабдықтарын қолдана білу ерекшеліктерін дамыту болып табылды. Сабақ
психологиялық ахуалдан басталды. Сабақта топтық,жұптық жұмыстар жүрді. Флипчартқа
осы тақырыпқа байланысты оқушылардың білетін ойлары түсірілді. Топ жетекшілері
өз топтырындағы оқушыларды бағалады. Кері байланыста әрбір оқушы өз ойын эссе
арқылы берді.
Ал Абдрахманова И.С. 6Б сыныбында «Алматы телевизия мұнарасы» атты ашық сабақ жүргізді.
Сабақ жоспарына жеті модульді,оқыту мен оқудағы бағалаудың түрлері,тізбектелген
сабақ жоспары енгізілген. Қолданылатын әдіс-тәсілдері, жеті модульдің
элементтері енгізіліп, сергіту сәттерінің түрлері, ресурстар, атқарылатын
іс-әрекеттер, қолданылатын бағалау түрлері, өтілетін уақыты толық
кіріктірілген. Оқущылар сабақта өте
белсенді жұмыс атқарды.
Джеймс «Оқушы табысты білім алуы үшін мұғалімнің де оқуын жалғастыруы негізгі болып
табылады» деп атап көрсеткендей, мұғалімдер білім алатын кәсіби мәдениетті
жүйелі түрде дамытуға жұмыстануда.Оқыту мен оқудың үздік әдістерін меңгермей,
сапалы білім беру мүмкін емес. Өйткені оқушы ғана емес, мұғалім де үнемі
жетіліп отыру қажет .Табысқа қол жеткізуде ойлану қажет.
Қазақ тілі мұғалімі Тастенбекова М.Ш.