Текст
Құрметті әріптестер!
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз! Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы. Мемлекетімізге
одан әрі өрлеу мен өркендеу, әрбір қазақстандыққа – мол табыс, бақ-дәулет тілейміз!