Текст
2022 жылдың 29 сәуірінде «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де «Мектептегі тарихи білім. Жағдайы, проблемалары, болашағы» тақырыбында тарих пәні мұғалімдерінің форумы өтті. Бұл форумның мақсаты-форумға қатысушыларды заманауи білім беру технологияларымен таныстыру. Білім алушылардың оқу ынтасын арттыру құралы ретінде сараланған тәсілді пайдалану. Тарих сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту. Форум диалог форматында өтті, онда әріптестер өз тәжірибелерімен бөлісті. Пленарлық отырыста форумның қорытындысы шығарылды. Ұсыныстар берілді .