2021/2022 оқу жылының І жартыжылдығында
«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де
«Мектептегі медиация» бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп.
«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ –де Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің 2021 жылғы 10 наурыздағы №188 «Мектептегі медиация» аудандық тәжірибеге бағытталған жобасының жұмысын ұйымдастыру туралы» бұйрығы негізінде мектептің медиация қызметі құрылды. Мектеп директорының бұйрығымен мектеп медиация қызметінің құрамы бекітілді. Мектеп медиациясының құрамына әлеуметтік педагог О.М Ганеева, ТІ жөніндегі мектеп директордың орынбасары Г.А Тупенова, мектеп психологы О.М Середа, сондай-ақ 11 және 9 сынып оқушылары Анастасия Глушкова 11- сынып, Валерия Рыбинцева 11- сынып, Зарина Дауренбекова 9 г - сынып оқушылары кірді.
Мектеп медиация қызметі өз қызметінде келесі заңдарды басшылыққа алады: 20.11.1959ж Балалар құқықтары туралы конвенция, ҚР Конституциясы, ҚР Отбасы кодексі, «Кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыз және құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесінің негіздері туралы» кодексі, ҚР «Медиация туралы» Заңы.
Медиация қызметінің қызметі еріктілік, хабардарлық, бейтараптық, құпиялылық, жауапкершілік, дербестік қағидаттарына негізделген.
Мектептегі медиация қызметінің мақсаты: қалпына келтіретін әділеттілік, жанжалдарды реттеу қағидаттары негізінде, қақтығыс жағдайларына қатысушыларды құқық бұзушылықтың алдын алуға және әлеуметтік оңалтуға жәрдемдесу.
2021 жылдың қыркүйегінде мектеп медиация қызметі құруға және жұмыс істеуге дайындық процесінде болды: 1 –қадам: жетекшісі – әлеуметтік педагог О.М Ганеева, мектептің мамандары кіретін ММҚ мүшелері болып: ТІ жөніндегі мектеп директордың орынбасары – Г.А Тупенова, педагог-психолог –О.М Середа, жоғары сынып өкілдері – Зарина Дауренбекова, Анастасия Глушкова, Валерия Рыбинцева анықталды.
2– қадам: қажетті құжаттар әзірленді: ММҚ туралы ереже; ММҚ ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспары; жанжалды жағдайларды тіркеу журналы; бітімгершілік келісімнің нысаны; жағдайцмен жұмысты сипаттау үшін өзіндік талдау-есеп нысаны.
3-қадам: бітімгершілік қызметінің құрамындағы жұмыс тобының қатысушылары әдістемелік әдебиеттер мен ұсынымдарды зерделеді.
4-қадам: білім беру процесінің қатысушылары (мұғалімдер, кәмелетке толмағандармен жұмыс істеудің жаңа технологиясы туралы, өзара қарым-қатынаста құқық бұзушылыққа жол беретін немесе құрдастарымен жанжалды жағдайларын тудыруға бейім туралы хабардар.
Ата-аналар жиналыстарында оқушылардың ата-аналарына қызмет көрсету және тағайындау туралы қажетті ақпарат жеткізілді.
Сынып жетекшілері «Жанжалсыз қарым-қатынас ережелері» тақырыбы бойынша 4,5 сыныптарда сынып сағаттарын өткізді.
ММҚ жұмысы зардап шеккен тараптың орнын толтыруға, құқық бұзушыда жасалған іс-әрекет үшін шынайы жауапкершілік сезімін қалыптастыруға көмектеседі. Мектептегі бітімгершілік қызметінің жұмыс үлгісі кедесідей қызмет етеді:
мұғалімдерден, ата-аналардан немесе куәгерлерден алады.
жүргізу қажеттілігі туралы шешім қабылдайды және жағдайларды бөледі және қалпына келтіру рәсімдерін жүргізеді.
жанжалды жағдайдың барлық қатысушыларымен кезектесіп кездеседі.
бітімгерлік бағдарламасы басталады.
Жанжалды шешудің маңызды нәтижесі – тараптар арасындағы дұшпандықты жеңу және жағдайды сындарлы шешуге тараптардың өздерінің қатысуы болып табылады. Егер бітімгерлік бағдарламасы барысында дауласушы тараптар келісімсге келген жағдайда, қол жеткізілген нәтижелер тараптардың ниеттері туралы жазбаша келісімде тіркеледі.
атқарылған жұмысқа талдау және мониторинг жүргізіледі.
3 бітімгерлік бағдарламасы өткізілді: «оқушы-оқушыға» қатысты 2 жағдай; «оқушы-ата-анаға» қатысты1 жағдай.
Жүргізілген бағдарламалардың нәтижесінде тараптардың қарым-қатынастардың қалыпқа келуімен келесі бітімгерлікке қол жеткізілді.
Біздің тәжірибемізде құқық бұзушы компоненттермен жиі кездесетін жағдайлар оқушылар арасындағы конструктивті емес қарым-қатынас тәсілдеріне (бұрмаланған ақпаратты беру, оқушыға бағытталған мәлімдеменің мағынасын дұрыс түсінбеу, кейбір оқушылардың сыныптастарының жеке ерекшеліктеріне төзбеушілік т.б) қатысты болып келеді.
Қалпына келтіру бағдарламаларын жүргізуден басқа келесі іс-шаралар жүргізілді: ТІ жөніндегі мектеп директордың орынбасары Г.А Тупенова мектептің құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысына, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің отырыстарына талдау жүргізілді. Бұл баяндама мектептің педагогикалық кеңесінде ұсынылды. Сондай-ақ мектеп медиация қызметінің мүшесі педагог-психологы О.М Середа оқушылардың мазасыздық деңгейін анықтау үшін сауалнама жүргізді.
Сондай-ақ 7 –сыныпта сыныпты біріктіру мақсатында «Достық туралы сөйлесейік. Жанжалдың негізгі себептері» тренинг сабағы өткізілді. Мектеп оқушылары жанжалды жағдайларды шешудің қолайлы жолдары туралы ақпарат алады. Сонымен қатар мектеп медиация қызметінің мүшесі Анастасия Глушкова оқушыларға көшбасшының кім екендігі туралы айтып берді.
Қорытындылай келе, біз келесі қорытынды жасай аламыз: Құрылған Мектептегі Медиация Қызметі мектепте белсенді азаматтық ұстанымы бар, шешім қабылдай алатын және өз іс-әрекеттеріне жауап бере алатын жеке тұлғаны дамыту үшін қолайлы қауіпсіз орта құру ісіндегі өзінің маңыздылығы мен қажеттілігін көрсетеді. Ол жанжалдарды төмендетудің, балалар арасындағы агрессивті көріністердің алдын алудың, білім алушылардың дамуындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында отбасы мен педагогтердің күш –жігерін үйлестірудің тиімді құралы болып табылады.
Мектеп директоры И.Д Мельник
Орынд: О.М Ганеева
Тел: 5-65-22