Облыстық өлкетану бойынша оқушылардың зерттеу жұмыстары байқауының
ЕРЕЖЕСІ
1.Негізгі ереже
Ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауы «Тарих мұрасы» кіші жобасын жүзеге асыру аясында оқушылар үшін өткізіледі.
Негізгі мақсаты
Дарынды балаларды қолдау, туған өлкені, жергілікті тұрғындардың салт-дәстүрін, жерлестеріміздің өмірі мен қызметтерін зерттеу арқылы оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық потенциалын бағалау.
Негізгі міндеттері
-Өнімді оқу технологиялардың дамуының негізінде, балалардың білім беру сапасы, қолжетімділігі, тиімділігін қамтамасыз ету;
-болашақ ғылыми қызметке дайындау үшін өлкетану белсенді формаларды қолданып, жергілікті материалында зерттеулерін орындауға оқушылардың қалауын ынталандыру;
-дарынды жастар мен балаларды қолдау және анықтау;
-оқушылардың өлкетану оқытушылық және зерттеу жұмыстарының жүйесін қалыптастыруына көмек жасау.
2.Байқаудың ұйымдастырушылары
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы, мекен жайы: Көкшетау қ.Елемесова к-сі,45 үй,тел.8-716-2-25-67-23
3.Байқаудың қатысушылары
Байқауға Ақмола облысының білім беру ұйымдарының оқушылары мен педагогтары қатыса алады.
Қатысушылар өз бетінше де, авторлық ұжыммен де орындалған зерттеу сипатындағы конкурстық жұмыстарды ұсынады (әрбір қатысушының үлесін сипаттау шартымен).
4.Байқаудың мерзімі, тәртібі мен шарттары
Байқау 2 кезеңде өткізіледі:
1 кезең-сырттай, жұмыстар 2019 жылдың 17 сәуірге дейін қабылданады.
2 кезең-күндізгі, жұмыстарды қорғау, 2019 жылы 25-26 сәуір күндері, Бурабай ауданы, Қатаркөл а., «Звездный» БСО.
Жобалардың талаптарына сәйкестігін тексеру мен жинауды Байқаудың ұйымдастырушылары орындайды. Материалдардың осы Ережеге сәйкес келмеуі байқауға қатысудан шығуға негізі болып табылады. Кешігіп келген өтінімдер Байқау комиссиясымен қабылданбайды.
Зерттеу жұмыстардан жоғары ұпай алған оқушылар байқаудың екінші кезеңіне өтеді. Екінші қезең - зерттеу жұмыстарды қорғау, выполнение теоретических және тәжириебелік тапсырмаларды орындау .
Электронды және баспа түріндегі жұмыстар қосымшамен Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығына аудан білім бөлімі басшысымен бекітілген жазба өтінімін 2019 жылы 17 сәуірге дейін ұсынады. Әрбір ауданнан өлкетану бойынша 2-3 ең үздік зерттеу жұмыстары жіберіледі.
5. Қаржыландыру
Сайысты өткізу және женімпаздарды марапаттауы Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы көтереді.
Олимпиаданың екінші тур қатысушыларының шығындарын іссапарға жіберетін ұйымдарының есебінен жүргізіледі.
6. Қорытындылау мен марапаттау
Байқаудың ең үздік жобалар «Соқпақ» ғылыми-әдістемелік журналға жариялауға жіберіледі. Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен, грамоталарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталады.
1-қосымша
6-8 сынып оқушыларына арналған облыстық зерттеу жұмыстарының байқауына өтінім
Ауданның атауы |
Білім беру ұйымының атауы |
Оқушының ТАӘ |
Сынып |
Жұмыстың тақырыбы |
Жетекшінің ТАӘ |
Мекен-жайы телефон |
|
|
|
|
|
|
|
Білім бөлімінің Басшысы
2-қосымша
Ұсынған материалдарға талаптар
Облыстық байқауға логикалық аяқталған, бастапқы, шығармашылық, ғылыми зерттеуін ұйымдастыруға тән жұмыстар қатысады. Байқау материалдары электронды және қағаз түрінде (файлсыз бөлек папкада) ұсынылады, Microsoft Office Word бағдарламада орындалған, Times New Roman шрифтпен, шрифттің көлемі 14, интервал-1,5. Карталар, тірек-сызбалар, суреттер, фотосуреттер және басқа материалдар (Microsoft Office Word 2003) қосымшада JPG форматта. Беттері нөмірленген болуы тиіс.
Зерттеу жұмысының құрылымы:
1.Жұмыстың міндетің, мақсатың, тақырыбын қою.
2.Осы тақырыпқа арналған теорияны зерттеу.
3.Зерттеудің практикалық әдісін меңгеру.
4.Өз эксперименталдық материалдарды жинау, оның талдауы мен жалпылау.
5.Өз елді мекеннен сыртынан шығып, экспедициялар туған өлкені туристік- өлкетану қызметтің белсенді нысандарды қолданып зерттеудің негізінде өз қорытындылар жасау. 6.Оқиғалардың қатысушылары мен куәлардың естеліктерін жинау, педагогтың жетекшілігімен деректі құжаттармен, оның ішінде облыстық, аудандық, ауылдық мұрағатарда, мұражайларда және кітапханаларда жұмыс.
7.Қорытынды ( мақсат пен міндеттеріне сәйкес қорытындылар, ұсыныстар).
8.Библиографиялық тізім (жұмыс үрдісінде қолданылатын әдеби құжаттардың тізімі).
КЕЛІСІЛДІ
Ақмола облысы білім
басқармасының
басшысы
___________ Т. Жүнісов
«__»___________ 2019 жыл