Бекітемін
Мектеп директоры
_____________И.Д Мельник
«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-дегі мектеп медиация қызметі туралы ереже
1.1.Осы Ереже медиация қызметін құру және оның жұмысы мәселелерін
регламенттейді.
1.2. Медиация қызметі жанжалдарды шешуге және білім беру ұйымында қалпына
келтіру медиациясы тәжірибесін дамытуға мүдделі педагогтер мен білім беру
процесінің басқа да қатысушыларын біріктіретін білім беру ұйымының
құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
1.3. Медиация қызметі кәмелетке толмағандардың дауларына, жанжалдарына,
құқыққа қарсы мінез –құлқына немесе құқық бұзушылықтарына ден қоюдың
басқа тәсілдеріне балама болып табылады.
1.4. Медиация ден қоюдың басым тәсілі болып табылады, яғни жанжал
тараптарына бірінші кезекте медиация қызметіне жүгіну ұсынылады, ал олар
бас тартқан немесе жанжалды келіссөздер және медиация арқылы шешу
мүмкін болмаған жағдайда білім беру ұйымы жанжалдың шешудің басқа
тәсілдерін және/немесе ықпал ету шараларын қолдана алады.
1.5. Медиация қызметі өз жұмысын нормативтік-құқықтық құжаттар негізінде
жүзеге асырады:
- 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан
Республикасының Конституциясы, 2019 ж. 23.03 жағдайы бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізілді;
-2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-IV ҚРЗ «Неке (ерлі-зайыптылық) және
отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексі, 2019 ж.01.04 жағдайы
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді;
-Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 2007 жылғы 27 шілдедегі
№319-ІІІ ҚРЗ, 2019 ж.19.07 жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізілді;
- «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы №
401 – IV Заңы;
- Білім беру ұйымының жарғысы.
2. Медиация қызметінің мақсаттары мен міндеттері
2.1. Медиация қызметінің мақсаттары:
2.1.1. оқу үдерісіне қатысушылар арасында даулар мен жанжалдарды
шешудің өркениетті гысандарын (қалпына келтіру медиациясы, келіссөздер
және басқа тәсілдер) тарату;
2.1.2. оқу үдерісіне қатысушыларға дауларды және жанжалды жағдайларды
шешуде қалпына келтіру медиациясының қағидаттары мен технологиясы
негізінде шешуге көмектесу;
2.1.3. білім беру ұйымында қалпына келтіру медиациясының қағидаттары мен
технологиясы негізінде кәмелетке толмағандардың жанжалдарына, теріс
қылықтарына, құқыққа қарсы мінез-құлқына және құқық бұзушылықтарына
баламалы ден қоюды қамтамасыз ету.
2.2. Медиация қызметінің міндеттері:
2.2.1. оқу-тәрбие үдерісіне медиативтік құзыреттілікті интеграциялау;
2.2.2. ағарту іс-шараларын ұйымдастыру және білім беру үдерісіне
қатысушыларды қалпына келтіру медиациясының миссиясы, қағидаттары
мен технологиялары туралы ақпараттандыру.
3.Мектеп медиация қызметінің принциптері
3.1. Мектеп медиация қызметінің жұмысы келесі принциптерге негізделген:
3.1.1. Педагогтардың қызмет жұмысын ұйымдастыруға ерікті қатысуын, сондай-
ақ жанжалға тартылған тараптардың медиатвитік сессияға қатысуға міндетті
келісімін болжайтын еріктілік принципі. Дауласушы тараптарды және
олардың заңды өкілдерін медиатормен алдын ала кездесуге жіберуге рұқсат
етіледі.
3.1.2. Медиация қызметінің бітістіру шартын қоспағанда, медиация процесінде
алынған мәліметтерді жария етпеу міндеттемесін көздейтін құпиялылық
принципі (кездесуге қатысушылармен келісім бойынша және олар қол
қойған). Ерекшелік- бұл медиаторға белгілі болған алдағы қылмыс туралы
ақпарат.
3.1.3. Медиация қызметіне жанжалдың қандай да бір қатысушының (оның ішінде
әкімшіліктің) тарапын қабылдауға тыйым салатын бейтараптық принципі.
Бейтараптық медиация қызметі қандай да бір тараптың кінәсі немесе
кінәсіздігі туралы мәселені анықтамайды, керісінше тараптарға өз бетінше
шешім табуға көмектесетін тәуелсіз делдал болып табылады. Егер медиатор
қатысушылардың қандай да біреумен жеке қарым-қатынасы салдарынан
бейтараптықты сақтай алмайтынын түсінсе, ол медиациядан бас тартуға
немесе оны басқа медиаторға беруге тиіс.
4. Мектеп медиация қызметін қалыптастыру тәртібі
4.1. Медиация қызметінің құрамына мыналар кіреді:
- ТІ жөніндегі мектеп директордың орынбасары;
- әлеуметтік педагог;
- педагог-психолог (психолог);
- пән мұғалімдері, сынып жетекшілері.
Мектеп медиация қызметінің сандық құрамы әкімшіліктің шешімімен
анықталады: 5-тен 9 адамға дейін. Қызмет құрамына ата-аналар қоғамының
өкілдері, жоғары сынып оқушылары кіруі мүмкін.
4.2. Мектеп медиация қызметінің жетекшісі (кураторы) білім беру ұйымы
директорының бұйрығымен мектеп директордың тәрбие жұмысы жөніндегі
орынбасары тағайындалады.
5. Мектеп медиация қызметінің жұмысын ұйымдастыру
5.1. Білім беру ұйымының әкімшілігі мектеп медиация қызметіне медиаторлар
кездесуі және медиативтік сессияларды өткізу үшін бөлмемен, сондай-ақ
білім беру ұйымының өзге де ресурстарын (жабдықтар, ұйымдастыру
техникасы, кеңсе тауарлары, ақпарат құралдары және т.б) пайдалану
мүмкіндігімен қамтамасыз етеді.
5.2. Білім беру ұйымының лауазымды тұлғалары мектеп медиация қызметіне
педагогтер, білім алушылар (тәрбиеленушілер), ата-аналар арасында
қызметтің жұмысы туралы ақпаратты таратуға жәрдемдеседі.
5.3. Егер тараптар медиативтік сессияны өткізуге келіскен жағдайда, онда осы
жанжалға қатысушыларға қатысты әкімшілік санкцияларды қолдану
тоқтатыла тұрады. Әкімшілік іс-әрекеттерді қайта бастау қажеттігі туралы
шешім медиация қызметінің жұмыс нәтижелері және тараптар қол жеткізген
келісімдер туралы ақпарат алғаннан кейін қабылданады.
5.4. Білім беру ұйымының әкімшілігі мектеп медиация қызметінің мүшелерінің
медиаторлар қоғамдастығының жиналыстарына, қадағалау және олардың
біліктілігін арттыруға қолдау көрсетеді.
5.5. Медиация қызметі білім беру ұйымындағы жанжалды азайту бойынша
әкімшілікке ұсыныстар енгізе алады.
6. Мектеп медиация қызметінің жұмыс тәртібі
6.1. Мектеп медиация қызметі жанжалды немесе қылмыстық сипаттағы
жағдайлары туралы мұғалімдерден, білім алушылардан, білім беру
ұйымының әкімшілігінен, медиация қызметінің мүшелерінен, ата-аналардан
ақпарат ала алады.
6.2. Мектеп медиация қызметі әрбір нақты жағдайда медиацияны қолдану
мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешімді өз бетінше, оның ішінде
жанжал тараптарымен алдын ала кездесулер негізінде шешім қабылдайды.
Қажет болған жағдайда қабылданған шешім туралы білім беру ұйымының
лауазымды тұлғаларына хабарлайды.
6.3. Медиабілеттілікке даулар мен жанжалды жағдайларды айқындау кезінде
медиация қызметінің қатысушылары қаралатын жағдайдың критерийлерге
сәйкестігін тексереді:
- жанжал тараптары белгілі;
- медиатормен кездесуге шақыру үшін жанжалды жағдай тараптарымен
байланысу мүмкіндігі бар;
- медиация жүргізу кезінде жанжалды жағдай тараптары алкогольдік немесе
есірткілік күйде болмайды;
- мектеп медиация қызметі мамандарының біліктілігі жанжалдың осы түрімен
жұмыс істеуге мүмкіндігі береді;
- қызмет басшысы мен медиаторлар медиатор және жанжал тараптарының
(физикалық, сондай-ақ психологиялық) кездесу барысында қауіпсіздігі
қамтамасыз етілетініне сенімді.
6.4. Тараптар медиацияны жүргізуге келіспеген жағдайда оларға психологиялық
көмек немесе білім беру ұйымындағы басқа да жұмыс нысандары ұсынылуы
мүмкін.
6.5. Балалар арасында медиацияны жүргізу үшін ата-аналардың жазбаша келісімі
қажет.
6.6. Медиатор өзінің кәсіби стандарттары негізінде не біліктілігі жеткіліксіз
болған немесе процестің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін болмаған
жағдайда медиацияны жүргізуден бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда білім
беру ұйымы өзге педагогикалық технологияларды пайдалана алады.
6.7. Медиация қызметі әрбір жеке іс бойынша рәсімді өткізу мерзімдер мен
кезеңдерін дербес айқындайды.
6.8. Егер медиация барысында дауласушы тараптар келісімге келген жағдайда,
қол жеткізілген нәтижелер дауды медиация тәртібімен реттеу туралы
жазбаша келісімде (бұдан әрі - Келісім) тіркеледі.
6.9. Қажет болған жағдайда медиация қызметі Келісімнің көшірмесін білім беру
ұйымының әкімшілігіне береді.
6.10. Мектеп медиация қызметі тараптардың Келісімде қабылдаған
міндеттемелерді орындау тәсілін анықтауға көмектеседі, бірақ олардың
орындалуына жауап бермейді. Міндеттемелерді орындауда мәселелер
туындаған жағдайда, мектеп медиация қызметі тараптардың қосымша
кездесулерін өткізіп, қиындықтардың себебін және оларды жеңу жолдарын
түсінуге көмектеседі.
6.11. Мектеп медиация қызметінің жұмысы қызметтің ішкі құжаттары болып
табылатын тіркеу журналында, есептер мен мониторингте тіркеледі.
6.12. Мектеп медиация қызметінің жетекшісі:
- қызметтің жұмысын жоспарлайды;
- білім беру ұйымдарында қалпына келтіру медиациясы қағидаттарының
таралуына ықпал етеді;
- мектеп медиация қызметі жұмысының мониторингін қамтамасыз етеді.
6.13. Мектеп медиация қызметі жанжалға қатысушыларға медиация рәсімі өту
кезінде жоғары тұрған органдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына немесе
сот органдарына жүгінуден бас тартуға кеңес береді.
6.14. Білім беру ұйымының әкімшілігімен және мектеп медиация қызметінің
басшысымен келісу бойынша медиаторлар мұғалімдер мен әкімшіліктің, ата-
аналар мен олардың балаларының арасындағы жанжалдар бойынша, сондай-
ақ отбасылық жанжалдар мен азаматтық- құқықтық қатынастардан, оның
ішінде кәсіпкерлік және өзге де экономикалық қызметті жүзеге асыруға
байланысты, сонымен қатар еңбек және отбасылық құқықтық қатынастардан
туындаған отбасылық жанжалдар мен даулар бойынша медиацияны жүргізе
алады, медиатордың қызметі және оның біліктілігі «Медиация туралы» ҚР
Заңымен реттеледі.
7.Қорытынды ережелер
7.1. Ережеге өзгерістерді мектеп медиация қызметі, Қамқоршылық кеңесі немесе
ата-аналар қоғамдастығы мүшелерінің ұсынысы бойынша, енгізілетін
өзгерістер қалпына келтіру медиациясының стандарттарына қайшы келмеген
жағдайда, білім беру ұйымының директоры енгізеді.
7.2. Мектеп медиация қызметіне өтініштерді тіркеу журналы:
әрбір өтініш (1-нысан) компьютерде басылып шығарылады, папкаға
жиналады, оқу жылының соңында барлық материалдар тігіледі, сыртына
мектеп директорының мөрі мен қолы қойылады.
7.3. Мектеп медиациясы қызметінің материалдары жүйеленеді және 5 жыл
сақталады.